Қарағандыда қызметтік бабын атқару кезінде мерт болған полицей Рүстем Айтмағанбетовты ақтық сапарға шығарып салып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Рүстеммен қоштасу үшін мешітке 500-ден аса адам жиналды. Жиналғандар арасында туысқандары, жақындары, әріптестері мен достары. Қайтыс болған полицей Қарағандыда туып өскен, бірақ Астанада қызмет атқарып, тұрып жатқан болатын. Отбасын құруды жоспарлап жүрген. Туғандарының айтуынша, жігіттің сүйген қызы болған.
Рүстем Айтмағанбетовтың 20 жастағы інісі бар.
Еске салайық, 26 желтоқсан күні полиция сержанты Айтмағанбетов "Екатеринбург - Алматы" тасжолында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау бойынша қызметін орындап тұрған. Аршалы ауданындағы Жібек жолы ауылы маңында жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушінің соңына түсіп, жол ортасындағы сүйеуге соғылып қалған.
ІІБ мен ҰҰ ардагерлерінің кеңесі және Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің жеке құрамы полиция сержантының қайғылы қазасына байланысты отставкадағы полиция старшинасы Серік Айтмағанбетовке және тусытары мен жақындарын көңіл білдірді.
Полицияға Айтмағамбетов Рүстем ұзақ жылдар ішкі істер органдарында қызмет еткен әкесі әкесінің ізімен келген. Айтмағамбетов Серік қызметін 1991 жылы жол-патрульдік полициясының шенінде бастап, 25 жыл бойы қызмет еткен.
Пікір қалдыру