АҚШ Ресейге «сайлауға араласқаны үшін» жаңа санкция салуы мүмкін деп хабарлайды rbc.ru. Ол сайлауға қатысы бар деген жекеленген адамдарға салынады деп болжануда.
Бұрыңғы салынған санкция аясын кеңейтіп оны дипломатиялық деңгейде енгізу көзделуде.
«Жаңа санкциялар аясында нақты адамдардың аты аталады және жаңа санкция бүгін яғни 29 желтоқсанда салынатын болды» деп хабарлайды CNN.
Бұдан бұрын американдық сенатор Линдси Грэм 28 желтоқсанда Ригада сөйлеген сөзінде «Конгресс Ресейдің сайлауға қатысы бар жоғын тексереді. Жаңа санкциялар Ресейге ауыр тиеді. Әсіресе Владимир Путинге» деп айтқан болатын.
Барак Обаманың қаңтар айында жасайтын баяндамасында Ресейге санкция салу туралы айтылмайды. Онда «Қытайдың 2008 және 2012 жылдардағы құпия тексерілген кибер шабуылдары» сонымен қатар, 2016 жылғы президенттік сайлауға ресейлік арнайы қызметтің араласуы туралы айтылады.
Жаңа шаралар АҚШ билігімен талқыланып, екі ай өткеннен кейін енгізіледі. Ақ үй Хиллари Клинтонның мүддесін жақтағандай болмауы үшін шараларды бұған дейін енгізбеген болатын.
Обаманың әкімшілігі жаңа шектеу шараларын өңдеу жұмыстарын аяқтап қалғанын айтқан.
АҚШ бірнеше мәрте Ресейді президенттік сайлауға қатысы бар деп айыптады. Барак Обама өзінің жыл сайын беретін пресс-конференциясында Демократиялық партияның сервері бұзылғаннан кейін, Владимир Путинді американлық сайлауға араласпауын сұраған. Оның сөзінше бұдан кейін «Ресейдің ары қарайғы сайлауға араласуы турасында ешқандай дәлел болмаған». АҚШ президенті 8 қарашадағы сайлауға Ресейдің араласпағанын атап өтті. Алайда сайлау алды компаниясына қысым көрсетті. Мәскеу АҚШ-тың 2016 жылғы президенттік сайлауына ешқандай қатысы жоқ екенін айтады.
Пікір қалдыру