Шыңжаңда билік партиясы ғимаратына қарулы шабуыл жасалды

/uploads/thumbnail/20170709191739698_small.jpg

Қытайдың батысындағы Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданында бірнеше адамы бар көлік үкіметтік мекемеге келіп соқтығып, бір адам қаза тапты. Аймақ билігінің хабарлауынша, шабуыл 28 желтоқсан күні болды. Полиция көлікпен келген төрт адамды атып өлтірді. Шабуылдан үш адам жараланды. Бұл туралы Азаттық жазды.

Қытайдың Орталық Азия елдерімен шектесетін Шыңжаң аймағында соңғы жылдары жергілікті халық - мұсылман ұйғырлар мен этникалық азшылықты құрайтын қытайлар арасындағы зорлық-зомбылықтардан жүздеген адам қаза тапты.

Құқық қорғаушы ұйымдар мен қуғындағы ұйғырлар зорлық-зомбылыққа Пекиннің ұйғырлардың мәдениеті мен дініне бақылау орнатпақ болған әрекеті кінәлі десе, Қытай билігі оны исламшыл экстремистерден көреді. Пекин Шыңжаңда қандай да бір қудалау жасап жатқанын жоққа шығарады.

Шыңжаң басшылығының хабарлауынша, оқиға аймақтың оңтүстігіндегі Қарақаш ауданында болған. Ресми мәлімет бойынша, көлік мінген төрт "баскесер" Қытай коммунистік партиясының аудандық бөлімі ғимаратына келіп соқтығып, "жарылғыш затты іске қосқан".

The Gurardian  таратқан ақпаратта қарулы шабуылдың 28 желтоқсан сағат 17:00 шамасында жасалғаны айтылған. 

Халықаралық агенттіктердің тілшілері үкіметтің ресми ақпаратын дербес дереккөзінен анықтай алмай отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар