Жоғары IQ-дың бағасы осындай екен деп хабарлайды vesti.ru. Мәскеулік зейнеткерді мұзға отырғызып кеткен өтірік емшілерді бүгінгі таңда полиция іздестіріп жатыр. Кәрі әже немересін ақылдырақ қылғысы келіп экстрасенстердің көмегіне жүгінген. Олар қызды жүзбе-жүз көрмей ақ, алыстан ритуал жасап, әженің ниетін өмірге айналдыруға сөз берген.
Лариса Ивановна алаяқтарға 25 жыл бойы үй сатып алуға жинап келген бар ақшасын қалай бергенін өзі де түсінбейді. Мәселенің мән-жайына келер болсақ, немересі институттан үлгерімі нашарлап, шығып кетіпті. Оқудан шығарылған ол күйзеліске ұшыраған. Немереме көз тиді деген әжесі жарнамасы радиодан берілген парапсихология мен сәуегейлік Институтына қоңырау шалыпты. Полицияға шағымданған Лариса Ивановнаның ісінде, өкінішке орай, алға жылжу жоқ. Себебі алаяқтарды көзбе-көз көрген ешкім жоқ.
Пікір қалдыру