Польшадағы Вроцлав ауруханасының дәрігерлері тумасынан қолсыз туылған еркекке алғаш рет қол салып, отаның сәтті өткендігін мәлімдеді деп хабарлайды vesti.ru , мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
32 жастағы Пётр тумасынан қолы жоқ болған. Оған көз жұмған донордың қолын алып салған.
«Мұндай бір мүшесі жоқ адамға өз денесінің бөлшегіндей етіп жасалған ота әлемде бірінші рет болып отыр», - деп мәлімдеді хирургтардың басшысы Адам Доманасевич.
Ота өте күрделі болғандықтан 13 сағатқа созылған. Бұл уақыттың ішінде дәрігерлер көз жұмған донордың қолын алып, оны емделушінің денесіне лайықтап қойған да, титандық штифтармен сүйегін жалғап, бұлшықеттерін, тамырларын тігіп қойған.
Донордың қолындағы қанайналымды реттеу барысында ондағы қантамырлары да өсіп-жетілуі тиіс.
Дегенмен, оң нәтижелер байқалып жатыр, ота жасағаннан соң бір аптадан кейін Пётр саусақтарын қимылдатқан: бас бармағын толыққанды майыстырып, қалған саусақтарын да ақырындап қозғалтуда.
«Алайда, жаңадан салынған қолдың емделушіге екі түрлі мәселе туындатуы мүмкін: Қолды салған жердің сүйектері дұрыс дамымаған, қантамырларының саны жеткіліксіз және де жүйке жүйесі мен бұлшықеттері әлсіз болған; сонымен қатар жаңа қолдың басқарылуы адамның мийына түсініксіз болуы мүмкін», - деп мәлімдеді Доманасевич.
Оның айтуынша, ота шынымен де сәтті өтті деп айту үшін кемінде алты ай керек екен. Егер, емделуші екі қолымен де бірдей жұмыс істеп, екеуін бірдей басқара алса, онда трансплантация сәтті болды деп айтуға болады.
Айта кетер болсақ, адамға бір дене мүшесін трансплантация арқылы салып беру үшін ол мүшесінен оқыста айырылып қалған болу керек, ал тумасынан бір дене мүшесі жоқ болса, онда оны салу осы уақытқа дейін мүмкін болмаған. Әсіресе, егер адам жасқа келіп қалған ересек болса.
Хирургтардың айтуынша, Пётрге жасалған отаның сәтті шыққаны көп адамға үміт отын сыйлайды.
Пікір қалдыру