Италияндық туристер Ресейде селфи жасаймыз деп қатып қалған

    Assem Almuhanbet
    Италияндық туристер Ресейде селфи жасаймыз деп қатып қалған

    Италияның 4 туристі құтқарушылардан көмек сұраған деп хабарлайды vesti.ru. Жылы киімдері болмаса да олар Новосібірдегі су қоймасы жағалауында селфи жасауға барған. Ауа-райы  минус 10 градусты көрсетіп тұрған.

    Құтқарушылар тобы Италия азаматшаларын жылы жерге орналастырып, жылы киім ұсынды. Муниципалды апатты-құтқарушы қызметі «Туристерде жұқа киімдерімен Обский теңізінің жағалауында фотоға түсіп, селфи жасағандықтан суықтаған» деп хабарлады. Жылынғаннан кейін туристер таксимен кетіп қалған.

     

    Қатысты Мақалалар