Қырғызстанда конституциялық өзгерістерді күшіне енгізудің уақыты жарияланды

/uploads/thumbnail/20170709191824118_small.JPG

Қырғызстан президенті осы елдің Конституциясына енгізілген өзгертулерге қол қойды.

Қырғызстан президенті әкімшілігінің баспасөз орталығы биылғы жылғы 11-ші желтоқсан күнгі референдумның нәтижесінде халық тарапынан расталған осы елдің Конституциясына енгізілген өзгертулердің 2017 жылдың 15-ші қаңтардан бастап күшіне енгізілетінін хабарлады. Осы заңды орындаудың мақсаты өзгертулер енгізу, тәуелсіздік пен егемендікті нығайту, парламенттің билігін ұлғайту, заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы ынтымақтастық қағидасын айқындау болып табылады.

Қырғызстан президенті осы заң күшіне енгізілгеннен кейін 14 күннің ішінде Қырғызстан Конституциясының ресми мәтінін референдум өткеннен кейін енгізілген өзгертулерді басшылыққа алып, халыққа ұсынуы тиіс.

Айта кетсек, Қырғызстан орталық сайлау және референдум өткізу жөніндегі комиссиясының алдын ала мәліметтері бойынша, желтоқсанның 11-і күні өткен референдумге қатысқан сайлаушылардың 80 пайызға жуығы конституцияға өзгертулер енгізуді қолдаған.

Референдумге барлығы 30-дан астам өзгертулер дауысқа қойылған еді. Референдум нәтижесіне сай, Қырғызстанда, мәселен, үкімет жетекшісінің құзыреті кеңейтіледі. Ол министрлерді қызметке тағайындау және босату мәселесін президент пен жергілікті кеңештердің мақұлдауынсыз жеке өзі шешетін болады. Сонымен бірге ол бюджеттің шығыс бөлігін ұлғайтатын заң жобаларын бөгеу құқығына ие болады. Бұған қоса премьер-министр мен оның орынбасарлары отставкаға кеткеннен кейін парламентке оралып, депутаттық мандаттарын сақтап қалмақ.

Қырғызстан президентіне конституциялық сот құрамына кандидаттар ұсынуға және, егер парламенттің үштен екісі қолдау білдірсе, судьяларды қызметтен алуға құқық беріледі.

Конституцияға енгізу ұсынылған өзгертулер арасында бір жыныстылар арасындағы некеге тыйым салу және халықаралық нормалардың ұлттық заңнан басымдығын жою да бар.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар