Оның есімі де, ата-анасы да, тіпті өзі де жоқ деуге болады. Ол ештеңеге қарамастан тірі қалған тастанды бала. Бұл кіп-кішкентай тірі жанның салмағы небәрі 940 грамм. Ол тағы 3 айдан кем емес уақытта ана құрсағында болуы керек еді. Алайда 14 апта болған баласын түсіру үшін 25 жасар қыз қытай дәрілерін іше бастаған.
Баласы ішінде қимылдағанның өзінде оны улауын тоқтатпады. 26 аптада ұрық анасынан, оның ағзасынан алынып тасталды. Оған қарамастан ол тірі қалды. Баланың өмірлік маңызы бар мүшелері әлі жетілмеген. Сондықтан оның өмірі толықтай пластикалық кювезге тәуелді. Күрделі медициналық аппарат кішкентай ағзаны ауамен толтырып, тоңып қалмауын қамтамасыз етіп отыр. Сәби өздігінен жұтына алмайды. Сондықтан медбикелер бала шашалып қалмауы үшін катетермен одан артық суды сорып алып отыр. Баланың дүние есігін ашқанына 7 күн болды. Енді тағы бір тәулікті аман-есен өткерсе оны «бала» санатына жатқызуға болады. Яғни сәбиге ат қойылып, туу туралы куәлік беріледі. Реанимация бөлімінің меңгерушісі Екатериана Федченко сәбиді бірнеше ай бойы уласада дамуында ешқандай кінәрәт жоқ екенін айтады. Ол тәулік бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында. Оның анасы ұрық алынып тасталғаннан кейін, ауруханадан қашып кеткен. Ол құжат түрінде баладан бас тартпады. Сондықтан оны ешкім асырап ала алмайды. Нәтижесінде ұл бала кәмелет жасқа толғанша балалар үйінде болады.
Материал әлеуметтік желіден алынды
Пікір қалдыру