Түркиядағы Ресей елшісінің өлімінен кейін елшіге байланысты жаңалық көрсек шошитын болдық. Елшінің хабарсыз кеткендігі жайлы ақпаратты оның жұбайы хабарлап айтқан болатын. Амиридистің әйелі қанша күннен бері күйеуінің телефонға жауап бермей жатқанына қатты алаңдаулы деп хабарлайды "Қамшы" порталы.
Бразилиядағы Грекия елшісі Кириакос Амиридис Рио-де-Жанейроға рождестволық демалысын өткізуге келіпті. Оны соңғы рет желтоқсанның 26-ы күні көріпті, ол сол күні өзінің соңғы sms хатын жіберген деп мәлімдейді Globo телеарнасы. Демалысы жоспар бойынша 9 қаңтарда аяқталуы керек еді.
Дипломаттың мәселесімен бүгінгі таңда жергілікті полиция, кісі өлтіру ісін зерттейтін бөлім айналысып жатыр. Жергілікті билік болса көмекті қарапайым халықтан сұрауда. Грекия елшілігі бұл жөнінде ешқандай мәлімдеме жасамай отыр.
Кириакос Амиридис елшілік қызметіне 2016 жылдың қаңтарында кірісіпті. 2001 мен 2004 жылдар аралығында ол Риодағы Грекияның бас консулы лауазымын атқарған.
Пікір қалдыру