Сирия президенті: «Егер еуропалық елдер Сирия халқына көмек көрсеткісі келсе алдымен лаңкестерді қолдауды доғарсын» деді. Бұл туралды Parstoday хабарлады.
Сирия президенті Башар Асад Дамаскте Еуропа Парламенті мен Ресей Думасы өкілдерінің бірлескен делегациясын қабылдауда: «Еуропалық басшылар Сирия дағдарысының ел халқының қолымен шешілетіндігін түсініп, өз елдеріндегі лаңкестік шабуылдардың олардың қате саясатының салдарлары екенін мойындауы керек. Еуропалық елдер сириялықтардың тұрмысының негізгі қажеттіліктерін нысанаға алып отырған зұлым санкцияларды тоқтатуы тиіс» деді.
Айта кетер болсақ, ол осыдан 15 күн бұрын да осыған ұқсас мәлімдеме жасаған болатын.
Сирия Президенті Батыс елдерінің Сириядағы лаңкестік топтарды қолдап отырғанын сынап: «Батыс елдері Сирияда лаңкестерді сақтап қалуды көздеп отыр»,- деді.
Сирия Президенті Башар Асад 14 желтоқсан күні «Russia Today» телеарнасына берген сұхбатында: «Батыс елдері «Сирия армиясы мен оның одақтастары лаңкестерді жеңуде шектен тыс ілгеріледі» деп санайды, сондықтан бар күштерін салып лаңкестерді Сирияда сақтап қалып, құтқаруды көздеп отыр. Батыс елдері Алепподағы жеңісті әлсіретіп, солғындату мақсатында Сирия армиясының назарын Пальмираға бұрып, олардың ілгерілеуінің алдын алғысы келді. Алайда олардың бұл ісі нәтиже бермей, Алеппо азат етілді»,- деді.