Таяқсыз қалған жолпол туралы әзіл(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709192012707_small.jpg

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев «2017 жылдан бастап жол полициясы көлік тоқтату үшін таяқша қолданбайды» деп мәлімдеген еді.

Қазіргі уақытта, бірқатар еуропалық елде жол полициясы көлікті тоқтатарда арнайы таяқша (жезл) қолданбайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның ішкі істер органдарының қызметкерлері де көліктерді тоқтату үшін арнайы таяқша қолданбайтын болады, деп хабарлады ҚР ІІМ.

«Енді жол полицейлері көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «тоқта» деген белгі береді және сонымен бірге ысқырықты да пайдаланады немесе арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды да қолдана алады, сондай-ақ автопатрульмен де тоқтатады. Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар, сонымен бірге ішкі істер органдарының бейне тіркеуіштері қолданылады», - деді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Әлеуметтік желіде таяқсыз қалған жолполдың жол ережесін бұзған көлікті тоқтата алмай жүргені туралы әзіл видео пайда болды. 

Қатысты Мақалалар