Тағы бір елші полиция қолынан өлді

/uploads/thumbnail/20170709192018626_small.jpg

Рио-де-Жанейроға рождестволық демалысын өткізуге барып, жоғалып кеткен Бразилиядағы Грекия елшісі Кириакос Амиридис туралы «Қамшы» порталы хабарлаған болатын.  

CNN түрік арнасының хабарлауынша, соңғы рет 26 қазанда көрініп, 4 күн бойы жоғалып кеткен елші өлі табылды. Бразилия полициясы Амиридистың жалдап алған көлігін өртеніп кеткен күйде тапты. 59 жастағы Амиридис соңғы рет дүйсенбі күні жұбайымен телефонда сөйлескен. Кейіннен оған хабарласа алмаған жұбайы күйеуінің жоғалып кеткені туралы хабарлаған еді.

image

Жағдайға байланысты тексеру жүргізіп жатқан полиция оны өлтірген кісінің де полиция болғанын анықтады. Сергио Морейра Филхо есімді 29 жастағы бразилиялық полиция жасаған қылмысын мойындаған.  

Қатысты Мақалалар