Бауырды тазалайтын шипалы 9 дәм

/uploads/thumbnail/20170709192021414_small.jpg

Лимон суы

Әр күні бауырымызды тазалатып, ас қорытуды жақсартқымыз келсе жылы сумен қосып лимон суын ішкеніміз абзал. Бір стакан лимон араласқан жылы су аш қарынға ішілсе, асқазандағы токсиндерді жоюға көмектеседі. Метаболизмды дамытып, сау ас қорытуды жақсартады, іш қатудың алдын алады.

Авокадо


Авокадо әлемде саулық пен сұлулық үшін қолданылуымен танымал. Бауырды галактозамин және басқа да токсиндерден қорғайды.

Куркума

Куркума қабынуды кетіретін дәмдеуіш. Рактың алдын алып, бауырды қорғайды. Бауырды тазалап қана қоймай, метаболизмды түзейді.

Мол су ішу

Бауырды тазалаудың ең жақсы жолдарының бәрі күн сайын 6-8 стакан су ішу. Бұл сондай-ақ, бүйректерді тазартып, арықтауға да сеп болады.  Адамның тәні әрқашан да дымқыл қалуға тиіс. Бұл ішін мол су ішу қажет.  

Мәнерленген өнімдерден аулақ болу

Тазартылған ұн, қант сияқты өнімдерден аулақ болуға тиіспіз. Себебі, бұндай өнімдер тікелей бауырды майлаттырады әрі холестеринге толтырады. Бұндай тамақтарды көп тұтыну адамның қарынына, санына, жауырынына, мықынына май топтастырады. Жоғары триглицеридтер жүрекке де кері әсерін тигізеді.

Бақбақ түбірі

Бауырды тазалауға шипасы мол өсімдіктердің бірі бақбақ тамыры. Асылында бұл тарихта бауыр тазалауға ең көп қолданылған өсімдік.  Ең дұрысы шай ретінде пайдалану.

Сарымсақ

Бір түп сарымсақтың өзінде жоғары емдік қасиет бар. Иммундық жүйені күшейтіп, тәндегі бактериялар мен вирустарға қарсы тұрады. Сарымсақтың құрамында сондай-ақ сульфид бар. Ол бауырды тазалайтын ферменттерді қалыптастырады.

Брюссель капустасы

Азық ретінде қолданылмаса да денсаулық сақтауда шипасы мол. Ішінде маңызды сульфидті глюкосинолаттар адам ағзасынан токсиндер мен улы заттардың шығуын қамтамасыз етеді.  

Көк шай

Бауырды тазалайтын тамаша өсімдік. Алкогольден келер зияннан, ісіктен, гепатиттен қорғайды. Ішіндегі Катехин табиғи түрде ракпен күресіп, ағзадағы  майларды ерітеді. 

Қатысты Мақалалар