Қазақстанда бүгінге дейін жекешеленбеген не қалды өзі?
Жер де, зауыт-фабрикалар да, шаруашылықтар да, жер асты, жер үсті қазба байлықтары да? Мұнай да, газ да, алтын да, күміс те, уран да, басқа да толып жатқан түсті металдар да, түгелге жуық жоғары оқу орындары мен ғылым академиясы, Жазушылар одағы сияқты әртүрлі одақтар да, бүкіл мемлекет ЖШС-ға айналып, жекешеленіп кеткен бе?
Енді президент, үкімет, парламент, барлық деңгейдегі министрлер мен әкімдер, соттар жүйесі де жекеменшікке айналып кеткен жоқ па өзі?
Бұлай ойламасқа шара қалмай тұр.
Таяуда барлық мемлекеттік БАҚ, әсіресе, бұрын мемлекет қарауында келген Қазақ радиосы, Шалқар радиосы, Астана мен Максима радиолары ЖШС-ға өтіп кетіпті. Енді бұларда қызмет істеп келген қызметкерлердің барлығы дерлік үш айдың ішінде қысқартылуға жатады екен.
Әрине, ана ТОО немесе ЖШС, меншік иесіне артық ақшаны шашудың қажеті жоқ. Түскен пайданың барлығын сол ЖШС иесі көрмек пе?
Ал, сол ЖШС-ның артында көрінбей тұрған кім екен?
Бұны білу қиын болып тұр. Мүмкін, ана Шодиев, Машкевич, Ким сияқты млииардерлер ме немесе Шығыстағы алып көршіміз жекешелендіріп алды ма? Жоқ, қара ормандай қалың орыс па, иеленіп алған? Бұны қазір бізге ешкім де айтпайды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының, байланыс құралдарының, жолдың, жердің жекеленуі – тұтастай бір мемлекеттің жекеленуі деп ұғуымыз керек...
Сонда мына билік - барлығын жекешелендіріп, яғни, жатқа сатып жіберіп, өздері қайда барып, бас сауғаламақ екен?
Түсініксіз...
Жұмаш Кенебай
Пікір қалдыру