Ыстамбұлда болған терактіде Қазақстан азаматтары жоқ

/uploads/thumbnail/20170709192129257_small.jpg

Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекет салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Қазір жергілікті дипломаттар қосымша ақпарат алу мақсатында құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізіп жатыр.

Ануар Жайнақов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:

 - Алдын ала ақпарат бойынша Ыстамбұл қаласында болған террорлық әрекет салдарынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Біздің дипломаттар жергілікті құқық қорғау және әкімшілік органдарымен тығыз байланыста болып, тиісті ақпарат алу жұмыстарын жалғастыруда. Ыстамбұлда тұратын азаматтарымызға ескертеміз, егер қандай да бір жағдай болса, шұғыл түрде Ыстамбұлдағы бас консулдықпен байланысуды сұраймыз.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ыстамбұл қаласындағы террорлық актіге байланысты:

"2017 жылдың 1 қаңтарында Ыстанбұл қаласында жасалып, ондаған адамдардың қазасына себеп болған террорлық актіні кесімді түрде айыптаймыз.
Осы жиіркенішті қылмыс арқылы терроризмнің кезекті әрекетіне күә болып отырмыз, оның ұйымдастырушылары мен демеушілері анықталып, тиісті жазаларын тартуға тиіс.
Қаза болғандардың отбасыларының қайғысына ортақтаса отырып, жарақат алғандарға тезірек жазылып шығуын, ал бауырлас Түркияның билігіне және халқына терроризммен күресте күш-жігер, шыдамдылық пен табандылық тілейміз",- деп мәлімдеме жасады.


 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар