Жаңа жыл түнінде Санта-Клаус болып киінген террорист Ыстамбұлдағы түнгі клубтардың біріне шабуыл жасады. Террорист ұсталды. Соңғы мәлімет бойынша, 39 адам ажал құшып, 69-ы жараланған. Марқұмдардың 16-сы – шетелдік. Анадолы агенттігі жазғандай, Жаңа жыл табалдырықтан жаңа аттаған 01:15 шамасында ұзын ұңғылы қарумен келген террорист алдымен есік алдындағы полиция өкілдерін қырып салады да, ішке кіріп бей-берекет оқ жаудырады. Ол кезде ғимарат ішінде жаңа жыл мерекесін тойлап жатқан 800-дей қонақ болған. Атыс кезінде шошынған адамдардың кейбіреуі Босфор бұғазына секіріп кеткен.
Hurriyet газеті бірнеше шабылушы болған деп хабарлаған болатын, алайда кейіннен билік өкілдері қылмыскер жалғыз өзі әрекет еткен деп хабарлап отыр.
Dogan түрік агенттігі көше бақылауындағы камераға түсіп қалған шабуылды жариялады: қылмыскер клуб алдында оқ атқаны көрсетілген.
,
Пікір қалдыру