Обаманың әкімшілігі Ресейге қарсы салған санкцияларды Дональд Трамп болдырмай тастағысы келсе, АҚШ конгрессінің қарсылығына тап болады деп хабарлайды abcnews.go.com. Мұны Демократиялық партияның уәкілі Адам Шиффер «АВС» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
«Шынымды айтсам, Конгресстегілер Ресейге қарсы қабылданған шаралар Мәскеуді тоқтату үшін әлі жеткіліксіз деп есептейміз» дейді Шиффер. Оның сөзінше Трамп қарсы шараларды болдырмауға әрекеттенген жағдайда, санкцияны күшейтуге тек демократтар ғана емес, республикалықтар талап ететін болады. Оның ішінде сенатор Джон Маккейн де бар.
Естеріңізге сала кетейік, 29 желтоқсанда АҚШ президенті Барак Обама ресейлік 9 мекемеге қарсы санкция салды. Ресейде жұмыс істейтін компаниялар мен жекеленген адамдарға сайлауға араласқаны үшін және американдық дипломаттарға қысым көрсеткені үшін санкция салынды деп түсіндірді. Сонымен қатар 35 ресейлік азаматты 72 сағаттың ішінде АҚШ-тан шығаруға тапсырма берілді.