БАҚ: СИРИЯ ЖИҺАДШЫЛАРЫНЫҢ БІР КӨСЕМІ БОСҚЫНДАРМЕН БІРГЕ ЕУРОПАҒА ӨТІП КЕТКЕН

/uploads/thumbnail/20170709192429045_small.jpg

Террористік ұйым деп танылған «Ислам мемлекеті» ұйымы жетекшілерінің бірі Лавдрим Мухаксері өзіне бағынышты 300-400 шамасындағы содырлармен бірге Еуропа елдерінде бой тасалап жүр,  деп хабарлайды Qamshy.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Ол Сирия аумағындағы антитеррористік шабуылдар үдегеннен кейін үдере көшкен босқындармен бірге кәрі құрлыққа өтіп кеткені айтылуда. Мухаксерінің бұл қулығы туралы Италияның барлау қызметі де хабарлаған.

Daily Mail-дың жазуынша Л. Мухаксері Сирияға 2012 жылы Косовадан барған. Лаңкестер арасында Әбу Абдулла әл-Косова деген лақап атқа ие. Содырлар арасында ол өз жерлестеріне басшылық жасап қана қоймай, үгіт-насихат жұмыстарымен де белсенді айналысқан. Ғаламтор арқылы тараған үгіт материалдарында да Мухаксерінің тұтқындарды жазалап жатқан сәттері бейнеленген.

Басылым Мухаксерінің бұған дейін 2013 жылы да Косоваға бір барып қайтқанын, онда сыбайласы Ридван Хакифимен бірлесіп Серб православ шіркеуінде жарылыс жасауды, Израиль футбол құрамасына шабуыл жоспарлағанын жазуда. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар