Махачкаладағы тіс дәрігері жұма сайын пациенттерді тегін қабылдайды екен

/uploads/thumbnail/20170709192431317_small.png

26 жастағы Магомедхабиб Гаджиев табысының бір бөлігін емделушілерді тегін қабылдау үшін жұмсайды.

Жұма күні өзінің толық жұмыс күнін медик қайырымды іске арнайды. Тіс дәрігерлерінің қымбат қызметтеріне жүгіне алмайтын адамдар тістерін Магомедхабибке тегін емдетіп алса болады.

Сондай пациенттердің бірі 29 жастағы Мариятт Хабибулаева.

Оның 3 жасында анасы қайтыс болған. Әкесі басқа әйелге үйленіп, ағасы екеуін балалар үйіне өткізеді. Ол сол жерде өседі. Қазір Мариятт жалғыз өзі қызын бағып отыр, көлік жуу орындарында қызмет істейді, тігін курстарына барып жүр. Пәтерді жалдап тұрады. Ал тапқан табысы ең қажеттілерге ғана жетеді. Магомедхабибтың арқасында ол тіс дәрігерінің креслосына бірінше рет тап болып отыр.

"Тіпт, мемлекеттік клиникаларда тегін қабылдай бермейді. Адамдарды да ойлау керек қой. Егер менің қайырымды іс жасауға мүмкіндігім болса, неге жасамасқа?" – дейді Магомедхабиб.

Жұма күні дәрігер орта есеппен 3-5 пациентті қабылдап үлгереді. Кететін шығынды дәрігер апта бойы тапқан табысының жартысын беріп, өтеп отырады. Дәрігердің сөзінше, оған көмектескісі келетіндер бар. Бірақ, әзірге ол үлгеріп жатыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар