Әр елдің жазылмаған заңы мен дәстүрлері болады. Бірақ, Индия – ең ерекше және басқа әлемнен құпияларын жасырушы жұмбақ мемлекет. Бұл жерде әлі күнге дейін адам саудасымен айналысады, есірткі қолдана отырып, Құдайларына мантра оқиды, ал өмір бойы тұрып тұратын монахтарды да тек осы елден көре аласыз.
Үндістан – әр түрлі керағарлықтың мемлекеті, бұл туралы әр саяхатшы біледі.
Құлдық – өмір сүру үшін
Біздің қазіргі танымымызда бұл сөз қолданылмайды. Алайда қарапайым адамға жұмысқа тұру қаншалықты маңызды болса, бұл жақтағы мыңдаған адамдар үшін құлдыққа салыну соншалықты маңызды. Көбіне мұндай адамдар – тірі қалу үшін күресетін, құлсатарлар болмаса, аштық пен аурудан өлетін кішкентай балалар.

Жетім қалған көптеген балалар бірнеше мың километрды өздігімен өткеріп, құл сататын базарға қарай жол жүреді. Ол жақта оларды бағалап, жағдайы бар адамдар сатып алады.
Қаланың лас аудандары өздерінің ең қорқынышты құпияларын сырт көзден таса ұстайды. Кедейлік пен лас жерден арылу мүмкін емес жағдайда, сауда өрістей бастайды – адам саудасы. Басты және жалғыз тауар көзі– адам, бала саудасы.
Бұлар Үндістанның әртүрлі штаттары мен Непал аймақтарынан аштық пен эпидемиядан, жүгенсіздік пен қуаңшылықтан құтылу үшін қашып келген балалар.Оларға өмір бойы жалшы болу жазылған. Ұлдар сатып алушыларға күші мен ширақтылығын көрсетеді, ал бұғанасы қатпаған қыздар үлкендердің биі арқылы әйелдердің бар сұлулығын көрсетуге талпынады. Тауардың жартысы Үндістанда қалса, жартысы Араб Әмірлігіне, Кувейтқа және Парсы шығанағындағы басқа елдерге жіберіледі.
Бұл адамгершілікке жат ащы шындықтың негізі қыздар мен ұлдар әлі де тірі екенінен тұрады. Өйткені бұлардың әрқайсысына азапты өліммен қайтыс болатын жүздеген балалар келеді. Өз ырқымен құлдыққа салынудан басқа Үндістанда зорлықпен құлдыққа мәжбүрлеу үшін балаларды ұрлау да өршіп тұр. Олардың көбі қыздар.

Қарасораны жаратушы құдай – Бум, Шива
Үндістанда жүріп, жалғыз немесе топ құрған адамдардың жиналысын көруге болады. Құдайға арнап мантра оқып жатып, темекі иісіне ұқсас түтікшелерді шегіп отырады.
Бұлар Шив құдайын пір тұтатын шиваиттар мен шайвтар. Оның мұндай ерушілері, сондай-ақ, Шив ғибадатханасының дін қызметкерлері қарасораны күн сайын қолданады.
Үндістандық Шив құдайы – ежелгі діни болмыс, қиратушы мен жаратушының құдайы. Аңыз бойынша, таңғажайып құс Шивке қарасораның жапырақшасын әкеліп береді. Қолданған соң, адамдардың игілігі үшін, адамдарды рақатқа бөлеу үшін бұл өсімдікті Жерге түсіруге бұйрық береді. Қарасораны шиваизм ғана емес, Тантра мен Вишна құдайлардың ерушілері де қолданып келеді. Бұл діни ғұрыптар Үндістанның басқа аймақтарында да өркен жайған.

Үндістанда марихуана шегу үшін арнайы рәсімдер бар. Барлық қатысушылар чиллум мен чилим деп аталатын арнайы түтікшелер арқылы наркотикалық түтінді кезек-кезек тартып алады. Чиллумды шекпей тұрып, қарасораны жаратқаны үшін Шиваны мадақтайтын мантралар айтылады: «Бум булинат саб ки сат, бум Шива, бум Шанкара, бум!» Және мұның басқа да рәсімдері бар. Олардың мағынасын шиваиттардың өздері ғана біледі. Марихуана бұл елде заңдастырылмаған, алайда шайвтар да, басқа да әуесқойлар мемлекет тарапынан ешқандай қуғынға ұшырамайды.

Үндістанда марихуанадан басқа психотропты есірткілерді арзан бағада көшелер мен атақты трансты кештерде оңай қолға түсіруге болады. Трансты кештер көбінесе Гоа штатында өтеді. Оны жергілікті полицейлермен қомақты ақшаға келісіп өткізеді. Мұндай сауық кешті өткізетін адамдар бейресми түрдегі, хиппи мен фрики киіміндегі адамдар. Олар түні бойы гипностикалық трансты әуендерге билейді. Демалу орны ретінде матрастар қарастырылған. Ол жерде үндістандық әжейлер шәй қайнатып, дәмдеуіш қосылған шәй сатады. Кешті шыбынжұт түріндегі суреттер, басқа планеталық болмыстар әрлейді.

Өмір бойы тұрып тұру
Әлемде түрлі тыйымдар мен сенімдер бар. Олардың басты мақсаты – рухани сергектік табу. Үндістандағы тұрып тұратын монахтардың сенімі берік болғанымен, азапқа толы. Антты қабылдаған монах өмір бойы врикасан кейпінде тұрып тұруы қажет, яғни ағаш сияқты – үнемі түзу. Табиғатпен бұлай тайталасу монахтың аяғын ісіндіріп жіберуге әкеледі. Көп жылдан кейін аяғы жіңішкеленіп, құрғақтана бастайды. Қартайған және хал үстіндегі ағаш сияқты. Тұрып тұратын монахтар да дәл солай. Олар тұрып тамақ жейді, тұрып шәй ішеді, тұрып жалбарынады, тұрып ән айтады, тіпті, тұрып дәрет сындырады. Ұйықтаған кезде құлап қалмау үшін олар тігінен ұстап тұратын бау тартып қояды.

Тұратын монахтардың сенімін ұстанушы әлем бойынша бірнеше жүз адамдарды ғана қамтиды. Олардың көбісі Үндістанда және көп бөлігі Мумбаидағы тұратын монахтардың ғибадатханасында. Бұл ғибадатхана өте көп жылдан бері бар, алайда мұнда келушілердің көбісі бұл ғибадатхананы біле бермейді. Білсе де, көбісінің келуге және көруге құлқы болмайды. Бұл ғибадатханаға келудің өзі нағыз азап. Бұл жер бейнет пен қасіретке толы. Өз-өздерінің жанын қинаған монахтарға қарау қиын. Аяқтарының қалпы өзгеріп, түрлі жараларға айналған. Тіпті, саусақтарын әрең көресің. Тек аздаған монахтар ғана көп жылдар бойғы сындардан өтіп, аяғы жіңішкеліп қалатын кезеңге жеткен. Мұндай жағдайда адамға тіпті бір-екі қадам жасаудың өзі мұң болып қалады. Бір орнында мәңгі тұратын ағаш бейнесі орындалды.

Үндістандағы тұрып тұратын монахтардың мәдениетінде де марихуананы үздіксіз қолданады. Ол жанын қинаған азаппен күресуге көмектеседі. Сонымен қатар, тұрып тұратын монахтар әр секунд сайын ешқашан басылмайтын ауруды, азапты сезеді. Бұл олардың саусақтарынан, әрі-бері жай тербелген қозғалыстарынан білінеді. Аяқтан аяққа ауысу үшін монахтар ауыр азапты басынан кешіреді, алайда олар өмірлік биін енді тоқтата алмайды.
Төрт жылдан кейін үздіксіз тұрып тұрғаннан кейін монах Харешвари лауазымын алады және бұрынғы өміріне қайта орала алады. Алайда бұлай «қайтып кету» ешқашан болмайды. Бұл үлкен жұмбақ және тылсым құбылыс. Сенім үшін өзін азапқа қиған адам осы сенім заңдары бойынша қайта еркін адам болады, бірақ өзінің орнын тастап кетпейді. Мүмкін, монах ерте ме, кеш пе, өзінің уәдесінің алдында шаттық пен сергектік тауып, Әлеммен бірге бақыт табатын шығар?

Аударған: Марал Шайхы