Түсінде көрген сандарды жазған әйел лотереядан $4 миллион ұтып алды

/uploads/thumbnail/20170709192910280_small.jpg

Канадалық тұрғын Ольга Бено 27 жыл бойы лотерея ойнайды екен деп хабарлайды bbc.com. 1989 жылы ол түсінде белгілі бір сандардан тұратын комбинацияны көрген. Сосын 27 жыл бойы алған лотереясында ол сол сандарды ғана еш өзгертпестен жазып, толтырып отырған. Желтоқсанның ортасында Ольга Бено 5,3 миллион канадалық долларға тең яғни 3,9 миллион америка доллары көлемінде джекпот ұтып алды. Бұл туралы Ольга былай дейді:

— Мен түсімде көрген сандарды жатқа білемін. Теледидар көріп отырғанда сол сандарды көрген сияқты болдым. Алайда өз көзіме өзім сенбедім. Бір жағынан көру қабілетім де нашарлау. Сондықтан еш назарға алмадым. Келесі күні әпкеммен телефон арқылы әңгімелесіп отырғанда газетті ақтарып отырғанмын. Газеттің соңғы бетінде сол баяғы сандар комбинациясын көрдім. Өзім жеңімпаз екенімді содан білдім. 27 жыл бойы арманынан бас тартпаған әйел өзінің ұтысына тұрғын үй алатынын айтты. Кезінде емделу үшін Ольга үйін сатып жіберген екен. Содан бері пәтер жалдап тұрып келіпті. Енді ол жеке меншік өз үйі, өз шаңырағы болатынына қуанышты.

 

Қатысты Мақалалар