«Бавария» легионерлері неміс тілін білмегені үшін айыппұл төлейді

/uploads/thumbnail/20170709192907603_small.jpg

«Бавария» президенті Ули Хенесс неміс тілін білмейтін легионерлерге айыппұл салатын болды деп хабарлайды lenta.ru. Мюнхендік футбол командасының легионерлерін неміс тілін үйренуге мәжбүрлейтін болды.  

«Баварияның» шешінетін бөлмесінде қайтадан неміс сөздері естілуі керек. Тіл – адамдарды жақындастырады. Өйтпеген жағдайда топтың ішінде бөлек-бөлек топтар пайда болады. Егер шетелдіктер неміс тілін үйренбесе оларға айыппұл салынады. Легионерлер күніне екі сағат неміс тілін үйренсе керемет болар еді» дейді Хенесс.

«Баварияда» 17 легионер бар. Мюнхендіктермен болатын жарыстарда 41 футболист ойнайды.

Германияның чемпионатының келесі матчында мюнхендіктер 20 қаңтарда «Фрайбург»-ке қарсы шығады.

 

 

Қатысты Мақалалар