АҚШ-тың арнайы қызметі Демократиялық партияның Ұлттық комитетінің ұрланған хаттарын Wikileaks-ке берген ресейлік делдалдарды анықтады деп хабарлайды cnn.com. Бұл жөнінде Барак Обамаға берілген баяндамада айтылады. Алайда ешқандай адамдардың есімдері аталмайды. Бейсенбі күні Ақ үйдің реми уәкілі Джош Эрнест Барак Обаманың 50 беттік баяндаманы алғанын хабарлады. Келесі аптада баяндаманың құпия емес нұсқасы халық назарына ұсынылады.
АҚШ Демократиялық партиясына сайлау кезінде жасалған хакерлік шабуылды американдық барлайтын ұйым Ресейдің жоғары басшылығынан көретіндігі қаңтарда белгілі болды. Шабуыл мақсатының ауқымдылығы мен маңыздылығы негізінде қорытынды жасалды.
3 қаңтарда WikiLeaks құрылтайшысы Джулиан Ассанж сайттың Ресеймен ешқандай байланысы жоқ екенін мәлімдеді.
29 желтоқсанда Обама мен АҚШ Қаржы министрлігі американдық сайлау науқаны кезінде кибер шабуыл жасағаны үшін Ресейге санкция салды. Оның ішінде федералды қауіпсіздік қызметі мен Қарулы күштің Бас барлау басқарамасы бар. Ұлттық қауіпсіздік Агенттігі мен Федералды зерттеу бюросының ортақ құжатын жариялады. Онда кибершабуылдарды Ресей билігі жасада деп көрсетілген.
Трамптың жеңіске жетуіне көмектесуі үшін президенттік сайлауға араласты деп АҚШ Ресейді бірнеше мәрте айыптады. Олардың ойынша 2016 жылдың маусым айында хакерлер Демократиялық партияның Ұлттық комитетінің және Конгресстегі сайлау бойынша партиялық комитетінің серверін бұзды. Ресей санақ жүргізетін машинаны бұзу арқылы сайлау процесіне әсер еткісі келді деген айыптар да тағылды. Мәскеу барлығын жоққа шығарып отыр.