Түрмеде бүлік шығып, 33 адам көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170709193136989_small.jpg

Бразилияның Боа-Виста муниципалитетінің түрмесінде бүлік шыққан. Нәтижесінде 33 адам мерт болды деп хабарлайды Lenta.ru. Түрмедегі жағдай қайталанбауы үшін күзет күшейтілген. Ал бүліктің неден шыққаны әлі белгісіз.

Бразилия түрмесінде мұндай жағдай бұған дейін де болған. Қаңтар айында Манаус қаласында есірткі сатумен айналысатын топтардың арасында қақтығыс болып, нәтижесінде 50 адам көз жұмған. Бұл Бразилия түрмесінде болған ең ірі бүліктердің бірі.

 

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Бразилия түрмесіндегі жағдайды қатаң сынға алып отыр. Себебі аталмыш ел түрмесінде жазасын өтеушілер арасында қақтығыс жиі орын алады.

 

 

Қатысты Мақалалар