Жапондық қыз үстеме жұмыстың салдарынан өз-өзіне қол жұмсады

/uploads/thumbnail/20170709193152275_small.jpg

Жапониядағы ірі жарнамалық қомпанияның президенті өзінің қызметкері өз-өзіне қол жұмсаған соң, бір жылдан кейін жұмыстан кетуге ниетті екенін жеткізді. Қыз жұмыс уақытынан тыс үстеме жұмыс істегеніне шыдай алмай, өз-өзіне қол жұмсаған.

Жапониядағы Dentsu  жарнамалық компанияның басшысы Тадаси Иси өзінің қызметтен кететінін мәлімдеді. Бұл Токио университетінің түлегі, 24 жасар қызметкері Матсури Такахаси суицид жасаған кейін дәлме-дәл 1 жыл өткен соң болды. Қыз сәуір айынан жұмысқа тұрғаннан бастап, әр ай сайын жұмыс уақытынан тыс 100 сағаттан көп үстеме жұмыс істеп келген. Бұл елдің еңбек заңнамасын өрескел бұзу болып табылады. Ақыр аяғында ол жұмыстың тым көптілігінен терең депрессияға ұшыраған, ол өз Твиттер парақшасында өлім мен үшін ең бақытты нәтиже деп жазып, артынан терезеден секіріп кеткен.

Әр жыл сайын жүздеген жапондықтар жұмысты тым асыра істеуден қайтыс болады. Бұл елде «кароси» деп аталады. «Каросидің» себептері инсульт, инфаркт пен өз-өзін өлтіру болып табылады, ал мыңдаған адамдар депрессия мен басқа да өмірге қауіпті аурулардың құрбаны болып жатады. Тадаси Исиге қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр – оның жұмыстан кетуінің себептерінің бірі болды.

«Жұмыста тым көп үстеме болмау керек, – деді ол журналистерге. – Мен жауапкершілігімді сезіне отырып, болған оқиғаға қатты өкінемін. Компания қызметкерлерге өз-өзін танытуға кедергі болмау керек, бірақ мен бұл үстеме жұмыс мәселесін шеше алмағаныма және белгілі бір стандартты орната алмағаныма өкінемін».

Матсури Такахаси ісі қоғамда кең талқыланды және соны мысалға ала отырып, көптеген адамдар «каросиға» ресми түрде тыйым салынғанын және бұған жол беретін жұмыс берушілерді жауапкершілікке тартқанын қалайды. Статистика мәліметі бойынша, әрбір бесінше жапондық компания үстеме жұмысты қолданады, бұл өз кезегінде қызметкерлердің өміріне қауіп туғызады.

Қатысты Мақалалар