Жұмаш Көкбөрі. Әйелі азған халық кім?

/uploads/thumbnail/20170709193156508_small.jpg

«Бірнеше күннен бері Қазақстандағы барлық БАҚ-та

іргеміздегі қытай байлары қазақ қыздарын сатып алуға келе жатқаны туралы суыт хабар тарағаны белгілі...»

 

 

 

Қайырлы таң, Қазағым!?.

Қайырлы таң, Қазағым?!

Қан-жоса еткен жүректі,

Бір мұңыңды жазамын...

 

 

 

Қиын жағдай білемін,

Қай бетіммен күлемін?

Бұны ойласам, ашығы,

Қан жылайды жүрегім.

 

 

Қай шүршіттің не теңі,

Қай табғаштың не теңі?

Баян Сұлу, Қыз Жібек,

Сынды арулар мекені.

 

Көгімді бұлт торламақ,

Қандай заман орнамақ?

Аруларын Қазақтың

Олар қалай қорламақ?

 

 

 

Ұлт намысын таптат па?

Қазақ, бірін аттат па?

Мына құлдар намыссыз,

Аруымды сатпақ па?

 

 

 

Намыссыздар мәз бе екен?

Арлы ұлдарым аз ба екен?

Ұрлап, жырлап, жерімді,

Сатқандары аз ба екен?..

 

 

 

«Төсегіме жеткіз!»-дер,

«Көнбегенін тепкіз!»-дер,

Енді Қазақ Қыздарын,

Саудаламақ бетсіздер!

 

 

 

Салмақ ұлтты азапқа,

Салмақ ұлтты тозаққа!

 

Аруларын Қазақтың

Айналдырмақ мазаққа?

 

 

 

 

«Заманақыр», орнат па,

Жаман ойлар торлатпа,

Оу, Қазақтың аруы,

Ұлт намысын қорлатпа?!!

 

 

 

Ұлт намысын күйгіз бе?

Қазақ басын игіз бе?

Кілең кәпір, шүшітке,

Ақ тәніңді тигіз бе?

 

 

 

Қайтып адам болмайсың,

Жат құшақта сорлайсың!

Қарғысына қазақтың,

Қалсаң, түбі оңбайсың!

 

 

 

Тоңбағандар, тоңғандар,

Жетеді! Ынжық болмаңдар!

Жігіттері, Қазақтың,

Қазақ қызын қорғаңдар!

 

 

 

Ақсақ, қисық, шолаққа,

Піштірілген ол ат па?

Ана қысық ит көзге,

Бір қызыңды жолатпа!?.

 

 

 

Кел, астына бір тудың,

Жігіттері Ұлтымның!

Келе жатқан тау асып,

Жауға қарсы ұмтылғын!

 

 

 

Кім түкіріп, қақырды,

Кім мияулап, бақырды?

Қазағымның қызына,

Жақындатпа кәпірді!

 

 

 

Текті еді олар жасынан,

Неден бүгін жасыған?

Бір тал шашы түспесін,

Қазақ қызы басынан!

 

 

 

Сездім ненің ызғарын,

Неге тоңдым, мұздадым?

Барлық қазақ еркегі,

Қорға, Қазақ қыздарын!

 

 

 

Кім жақтырмай, жақтырды,

Көңілдерге дақ тұрды...

Сұлулары, Қазақтың,

Сен де, ойланар шақ туды!?.

 

 

 

Айтар болсам, шындығы,

Артындағы сұмдығы:

«Әйелі азған халықтың -

Өзі құрыр!» біл, мұны!

 

 

 

Бір азғынды жақта ма,

Ұлт намысын тапта ма?

Сұлуларым, ақылдым,

Ар жолынан атта ма!?.

 

 

 

Қыздары үшін тоңбаған,

Ол намыссыз, оңбаған!

Қорғамаған аруын,

Еркек, еркек болмаған!

 

 

 

Ер намысы - оты еді,

Қыз намысы - беті еді.

Ер-әйелі Қазақтың,

Шық, майданға, жетеді!..

 

 

 

Жұмаш Көкбөрі,

07.01.2017 жыл.

Қатысты Мақалалар