Желіде Украинаны басып алу жөнінде сөйлескен жазба таралды

/uploads/thumbnail/20170709193237832_small.jpg

Жоғарғы раданың депутаты Сергей Пашинский «УКРОП» украиндық партияның басшысы Геннадий Корбанмен Украина билігін басып алу жайлы телефон арқылы сөйлескен әңгімесі интернетте таралып кетті. Бұл жазбаны Президент әкімшілігі бастығының бұрынғы орынбасары Андрей Портнов Facebook парақшасында жариялаған.

«Страна.ua» басылымы хабарлағандай, әңгіме 2014 жылдың күзінде болған. Сол уақытта Корбан  Днепропетровск облыстық мемлекеттік әкімшлік басшысының орынбасары болды.

Жарияланған жазбада Пашинский мен Корбанның сөйлесуі жарияланған деп жазып отыр БАҚ.  Әңгімелесу барысында Пашинский билікті басып алып, «оның гүлденуі үшін» мемлекетті басқару жайында сөз етеді. Депутаттың серігі «мұндай нәрселерді телефон арқылы айтуға болмайтынын» ескертеді. Оған Пашинский «президенттің досымын» деп жауап қайырады.

«Біз президент үшін билікті жаулап аламыз», – деп сөзін жалғастырады. Содан кейін депутат Порошенко айналасындағыларды жау санағанның бәрін «қырып саламын» деп қорқытады. «Олардың қолдарынан ештеңе келмейді, тіпті, қалай ұрлау керектігін де білмейді!», – деді Пашинский.

Өз кезегінде Корбан айтылғанның бәріне келісе берді.

Қатысты Мақалалар