Жанар Ахмет: «Уақытша тіркеу» үшін жеке басымызға қатысты ақпараттар беруіміз керек пе?!

/uploads/thumbnail/20170709193608742_small.jpg

Белгілі журналист Жанар Ахмет Facebook әлеуметтік желідегі жеке парақшасына «уақытша тіркеуге» қатысты пікірін білдірді.

«7 қаңтар күні еліміздегі тұрғындар міндетті түрде уақытша тіркеуге тұруы тиіс деген заңы күшіне енді. Бұл мәселеге қатысты мені ескертіп те үлгенрді.

Бірақ, тіркеумен қатар олардың қолдарында жеке басыңа қатысты ақпараттарды да толтыруға міндетті бланкілер бар. Жұмыс орны, отбасыдағы адамдар саны, білім алуға қатысты балалар қандай мектепте оқиды деген сияқты.

Жеке басыма қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартып едім, жедел түрде басшылыққа қоңырау шалып, барлығын жеткізді.

Біз аузымызды ашып жүргенде елімізде НұрЛаг салып қойған екен. Бұл мәселе қазақстандық азаматтардың барлығын да шарпып өтеді.

Және де, егер, бұл заңдар Универсиада немесе ЭКСПО-ға қатысты халық санағын жүргізудің әдісі болса, сендерге айтарым, халыққа мұндай «глобалды іс-шараларыңның» түкке де керегі жоқ.

Халықты қолындағы барынан айырып, милиардтап қаржы жымқырудың жаңа әдісі бола тұра, сонымен қатар біз өзіміздің жеке басымызға қатысты ақпараттарды айтуымыз керек екен ғой!»

Қатысты Мақалалар