Венесуэла парламенті: «Президент өз міндетін орындай алмағаны үшін қызметінен кетті»

/uploads/thumbnail/20170709193611243_small.jpg

Венесуэланың Жоғарғы соты оппозициялық ұлттық ассамблеясы Николас Мадуроны президент қызметінен босата алатын өкілеттілігі жоқ деп хабарлайды ria.ru.

Парламент Мадуроның өз міндетін орындай алмағаны үшін президент қызметінен кетті деп хабарлаған. Ол үшін 106 депутат дауыс берді.

«Конституцияның 336 бабына сәйкес депутаттарға республика президентінің саяси жауапкершілігі турасында процесті хабарлауды және депутаттардың конституциялық уәкілеттілігіне жатпайтын акттерді қабылдауды доғаруға бұйрық келген» деп соттың мәлімдемесінде көрсетілген.

Венесуэланың 1999 жылы қабылданған конституциясына сәйкес,  мемлекет басшысына қатысты импичмент қабылданбайды. Десек те, елдегі заңның 222 мен 232 баптарына сәйкес атқарушы билікті парламент бақылай алады деп көрсетілген. Сонымен қатар олар мемлекеттік қайраткерлердің әрекетіне байланысты «саяси жауапкершілікке» тарта алады және қайтыс болғанда, халық президенттің орнынан кетуін талап еткенде немесе ұлттық ассамблеяның шешімімен қызметінен кеткен жағдайда президент «абсолютті түрде жоқ» деп танылады.

Венесуэладағы дағдарыс бір жыл бұрын құрылған оппозициялық парламенттің пайда болуымен күшейе түсті. Қазір заң шығарушы мен атқарушы биліктің арасында әріптестік жоқ. Мадуро оппозицияны «парламентте төңкеріс» жасауға талпынып жүр деп айыптады. Ал парламент мемлекет басшысы тарапынан конституцияны бұзып отырғанын алға тартады.

Жоғары сот бұған дейін оппозициялық парламенттің президентке импичмент дайындауды доғару туралы үкім шығарған.

 

Қатысты Мақалалар