Бүгін таңғы 7:30 шамасында Бішкектегі Манас әуежайы маңында Boeing 747 ұшағы апат болғаны туралы хабарлаған едік.
Түріктің Анадолы агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан қайтыс болғандар саны 32-ге жетті.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта құтқарушылардың пилоттың және 15 жергілікті тұрғынның денесін тапқанын хабарланды.
Айта кетер болсақ, апат болған ұшақ MyCARGO Airlines компаниясына тиесілі жүк тасымалдаушы ұшақ еді. Қолайсыз ауа райы себебінен Манас әуежайына уақытша қонуға мәжбүр болған.