Алматыда ХҚКО уақытша тіркелемін деп кезекте тұрған тағы бір ер адам қайтыс болды(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709194516523_small.jpg

Алматыдағы Алатау аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында 50 жастағы ер адам қайтыс болды  деп хабарлайды tengrinews.kz. Бұл туралы орталыққа барған куәгерлер хабарлады.

Оқиға бүгін, таңғы 10.00 шамасында болған.

Куәгерлердің бірінің айтуынша, 50 жастағы ер адам уақытша тіркеу бойынша кезекте тұрған. Бір сәтте ол құлап түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, оның жүрегі сыр берген.

Оқиға орнына жедел жәрдем келді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін де мұндай жағдай Алматы облысында ХҚКО-сында болған. Боралдай ауылынан таңғы уақытта ХҚКО-ға келген 59 жастағы ер адам III топтағы мүгедек мекемеден шығып, көлігіне отырған кезде жүрегі тоқтап қалған.

 

Қатысты Мақалалар