Билік халықтан ешқашан биік болған емес. Халық бұрқ етсе, қызмет пен ақшаның буына ісіп-кеуіп жүрген "бал-қаймақ" топтың басынан бақ тайып, ту-талақайы шығары анық қой... Біздегі кеудесіне нан піскен кейбір шенеуніктердің Президент алдындағы түрлеріне қарап, аяп кетеді екенсің тәйірі... Әсіресе, кешегідей жиналыстарда сондайлардың сыртынан бақылаған қызық. Жан-жағына алақ-жұлақ етіп, көздері үңірейіп, жүндері жығылып, қолға түскен торғайдай моп-момақан бола қалғанын көргенде, еріксіз жағаңызды ұстайсыз. Президент бірдеңе сұрай қалса, не айтып тұрғанын өздері білмей, сандырақтап-шатысып, шиқ-шиқ ете түсетінін айтсаңызшы... Ал жиын бітіп, Ақорданың сыртқы есігін жауып, бір адым алға басқаны сол, әлгі терісіне дейін жиырылған торғайымыз сол мезет торғайдан арыстанға айналып, қаһарлы көзімен сыртқа бір көз тастап, миығынан мырс күліп, паңдана маң-маң басып, бұл әлемге "сыймай" көлігіне еніп бара жатады....
Дина Түлекованың “Facebook” әлеуметтік желідегі парақшасынан.