Қазақстанның солтүстік аймағында жаңа эмиграциялық толқын басталды деп хабарлайды ratel.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.
Павлодар облысының тұрғындары отбасыларымен бірге Ресейге көшу үдерісі кең етек жая бастады. РФ елшілігінің алдында кезекте тұрған адамдардың қарасы күннен-күнге артып барады, олар "отандастарды көшіру" бағдарламасымен көшу үшін екі ай бұрын келіп тіркелуі қажет екен.

Павлодар облысы еліміздегі дамыған орталықтардың бірі және бұл өңірде жоғары стандартты өмірдің бар болғандығына қарамастан, қаладағы тұрғын үйлердің бағасы арзандап бара жатыр.
Жергілікті банктер ипотека беруді доғарғандықтан емес, бағаның арзандауы, негізінен, эмиграциялық процеспен байланысты.
Жылжымайтын мүлік сатуды жариялайтын «Крыша» сайты Қазақстандағы тұрғын үй саудасына анализ жасап, Тараз, Ақтөбе қалаларымен қатар Павлодарды да арзан үй сатып алуға мүмкін өңірлердің қатарына қосты.

Аталмыш мәселеге байланысты Павлодарда үй сату қиын болып отыр. Сол себепті де, көшіп кетушілердің көпшілігі рсесйлік қалалардағы жылжымайтын мүлікпен ауыстыруға хабарландыру беріп жатыр.
«Павлодар қаласындағы пәтерімді Новосибирскідегі Заельцов ауданындағы пәтермен ауыстырамын немесе сатамын. Үйдің маңында мектеп, дүкен бар...», - деген сияқты хабарландырулар газет беттерінде көбейіп кеткен.
Облас тұрғындары пәтерлерін Омск, Барнаул, Краснодар, Түмен, Белгород, Екатеринбург, Челябинск, Калининград қалаларындағы пәтерлермен ауыстыруға дайын отыр.
Тіпті, рсесейлік құрылыс компаниялары солтүстік Қазақстан тұрғындарының жаппай хабарлама бергендеріне таңқалып, өздерінің жаңа жобаларын Павлодарлықтарға таныстырып, пәтер сатып алуларына кеңес білдіріп жатыр.
Көші қон полиция қызметкерлерінің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының басым көпшілігі Ресейге қоныс аударады.
Жаңа эмиграция толқыны бес жыл бұрын басталып, жылдан жылға көлемі артып келе жатқан көрінеді.
2010 жылы 2503 адам Ресейге кеткен, ал 2016 жылы 4204 тұрғын Қазақстан азаматтығынан бас тартқан екен.
Бес жылдың ішінде Ресейге 20 мыңнан астам адам қоныс аударған.
Палодар Ішкі Істер Департаменті соңғы 16 жылдағы көші қон құжаттарын көрсетті.
Ресми құжаттарда көрсетілгендей, Ресейге жаппай қоныс аудару 2004 және 2008 жылдарда болған екен.
Көші қон полициясы қандай мамандардың кетіп жатқандарына қарамайды, тек кімдер және қанша адам қоныс аударып жатқандығын тіркейді. Алайда, қоныс аудару бағдарламасы бойынша Ресей кімдерді қабылдап жатқандығы белгілі.
Көшіп жатқандардың көбісі жоғары білімді адамдар. Себебі, Ресейде инженер, дәрігер, мұғалім және білікті жұмысшыларға сұраныс бар екен.
Білім беру басқармасының айтуынша, біздің кадрлар – бәсекеге қабілетті мамандар.
Павлодар зауыттарының басшылары білікті мамандардың кетіп жатқандарына бірнеше рет шағым түсірген. Дарынды жұмысшыларды елде қалдыру мақсатында зауыттар тұрғын үйлер салып, жеңілдікпен пәтер алуға ұсыныс та білдірген.
Алайда бұл жасалынып жатқандар жеткіліксіз, білікті мамандардың көбімсі өзге елге қызмет етуге кетіп жатыр.
Аударған: Назерке Лабихан