ЭКСПО қуыршақтары еліміздегі мәселелер жайлы ән шырқады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709200256272_small.png

2017 жылдың жазында болатын ЭКСПО көрмесінің логотипі ретінд жасалған қуыршақтар халық арасында біраз талқыға түсіп, назарға іліккен болатын. Олардың адам шошытарлық түрлеріне жұрт өз наразылығын білдірген. Алайда, сол қуыршақтар қоғамда өршіп тұрған мәселелер жайлы ән шырқауда. "Біз мұндай өмірді көрмегенбіз" атты бейнебаянда еліміздегі мәселелер зілді кекесінмен айтылған.

Сонымен қатар "Депутат болғым келеді" бейнебаяны биліктегі шенеуніктерге қаратылып айтылған зілді әзіл екені көрініп тұр.

Қазақстандық футбол ойыншыларын қатаң сынға алған Нұртастың өзі де ЭКСПО қуыршақтарының кекесініне ілікті.

Биылғы жылдың қаңтар айында қабылданған жаңа заң - уақытша тіркеу мәселесі де бұл сыннан кенде қалған жоқ.

Жер мәселесін тоқалмен байланыстырып, біраз дауға іліккен әнші Қыдырәлі Болмановқа ЭКСПО-ның Сәуле атты қуыршағы өзін тоқалдыққа алуын өтінуде.

 

Қатысты Мақалалар