Немересін баққан әжелерге Түркияда қосымша ақша төлемек

/uploads/thumbnail/20170709201606703_small.jpg

2015 жылы Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған өзінің кампаниялық уәдесінде үш баласы бар түркиялық отбасы мемлекеттен қосымша төлемақы алады дегенді айтқан болатын. Кейін айтқан уәдесінде тұрып баласы бар жұмысбасты әйелдер мемлекеттен көмек ретінде айына $441 алатын болды. Ол үшін әйел баласына кәсіби бала күтуші жалдауы шарт. Соған қарамастан Түркияда үйде отырып немересін бағып отырған әжелер көп. Түркия билігі 2016 жылдың қазанынан бастап қосымша төлемақыны әжелерге берген дұрыс деп хабарлады. Бұл заңнама алғашында Бурса және Измир аймақтарында енгізіледі. Алғашқы этапта бұл бағдарламаға 1000 отбасы қатыстырылады. Ең соңында 500 000 түрік кейуананы қамту ойластырылуда. 

Түркиядағы зейнетақы мөлшері орта есеппен 1000 мен 1800 түрік лира аралығы ($250–450) екендігін айта кетейік. Дегенмен аталмыш бағдарламаның арқасында қарт аналар келіндерін жұмысқа жіберіп, өздері немере бағып отырып қосымша табыс таба алатын болды. Немересіне қарайтын түрік әжесі жаңа заңға сәйкес айына 400 түрік лирасын (€99 немесе $105) алмақ.

Жолтайдың қызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар