Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институты әлемнің ең үздік талдау орталықтарының қатарынан көрінді. 2016 жылғы Талдау орталықтарының дүниежүзілік индекс-рейтингіне сәйкес, ҚСЗИ – әлемнің 6 мыңнан астам сараптамалық институттары мен орталықтарының ішінде үздік 150-ге кірді.
Әлеуметтік желідегі жазбасында осындай сүйінші хабармен бөліскен Қазақстан Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, саясаттанушы Ердан Қарин бұл рейтингтің Пенсильвания университетінің арнайы зерттеу бағдарламасы аясында жасалып отырғанын жеткізеді. Оған сәйкес, 1989 жылдан бергі әлемнің 6000-нан астам зерттеу орталықтарының даму үрдістері сараланады.
Жаңа рейтингке сенсек, қауіпсіздік, қорғаныс пен сыртқы саясат саласы бойынша ҚСЗИ үздік жүздікке еніп, 95 – орынға ие болған. Ал үздік мемлекеттік «ой-талқы» орталықтарының ішінде 56 – орынға қол жеткізген. Орталық Азиядағы ең үздік талдау құрылымдары ішінде отандық зерттеу институты үздік үштіктегі орнын сақтап қалған.
Сондай-ақ, Дүниежүзілік рейтингке басқа да қазақстандық сараптама орталықтары, атап айтсақ, Әлемдік саясат және экономика институты, Қоғамдық саясатты талдау орталығы, Сүлейменов атындағы шығыстану институты, Ұлттық талдау орталығы, Экономикалық зерттеулер институты, т.б. енген.
Дүниежүзілік рейтингте өзге де қазақстандық талдау құрылымдары бар екен. Атап айтсақ, әлемдік саясат және экономика институты, қоғамдық саясатты талдау орталығы, Р.Сүлейменов атындағы шығыстану институты, ұлттық талдау орталығы, экономикалық зерттеулер институты және КИМЭП университеті.
Бұл көрсеткіштер Қазақстанда зерттеу құрылымдарының рөлінің артқандығын білдіреді.
Отандық сараптау орталықтарының ғылыми-сарапшылық материалдарына шет елдерде жиі сілтеме жасалады.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жарлығымен құрылды. 2014 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚСЗИ Астанаға көшірілді.