ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИАДАДАН АЛҒАШҚЫ АЛТЫНЫН АЛДЫ(ВИДЕО)

    Nurgali Nurtay
    ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИАДАДАН АЛҒАШҚЫ АЛТЫНЫН АЛДЫ(ВИДЕО)

    Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын жүлде және тағы бір күміс түсті, деп сүйіншіледі Vesti.kz.

    Бірінші алтын жүлдегі биатлоншы қызымыз Алина Райкова сыйлады. Ол биатлоннан 15 шақырымға еркін стильде сайыста түсіп, 9:48.7 уақыт көрсеткішімен топ жарды.


    Бұл сайыста сынға түскен Галина Вишневская қарсыласынан 2:21.1 уақыт қалып, екінші орынға тұрақтады.

    Үшінші орынды украин қызы Надежда Белкина иемденді. Ол біздің отандасымыздан 2:23.6 уақыт қалып қойды.

    1. Алина Райкова (Қазақстан) — 59:48.7 (0+1+1+0)
    2. Галина Вишневская Қазақстан) — +2:21.1 (1+3+0+0)
    3. Надежда Белкина (Украина) — +2:23.6 (1+2+0+2)
    4. Дарья Усанова (Қазақстан) — +2:55.5 (1+1+0+3)
    5. Елизавета Бельченко (Казахстан) — +3:10.5 (0+2+0+2)
    11. Анна Кистанова (Қазақстан) — +6:52.7 (3+2+0+3)
    15. Александра Сасина (Қазақстан — +7:43.6 (0+0+5+0)
     
    Айта кетер болсақ, Алина Райкова 1991 жылы 14 тамызда Көкшетау облысы, Щучинскте туған. Сочи олимпиадасына қатысушы.

    `

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025