Алматыда ақша жабыстырған бала мұқтаждарға көмек ұсынды

/uploads/thumbnail/20170709202538706_small.jpg

Алматыдағы Гоголь көшесінің бойында 28 панфиловшылар паркінде өзіне ақша жабыстырған жас бала мұқтаждарға материалды көмек ұсынып тұр, деп хабарлайды  ИА «NewTimes.kz».

Желі қолданушыларының сөзінше, жас бала 1000 және 2000 теңгелік купюраны жабыстырған. «Егер сізге қажет болса, алыңыздар!», – деп жазылған тақтайшасында.

«Ол барлық ТМД елдерін аралап, осындай акция өткізген және ол Шешенстанға барған кезінде қатты таң қалған.  Қатты мұқтаж адамдар ғана алсын деп, оған адамдардың өздері ақша жабыстырып кеткен екен. Сондықтан аға-әпкелер өзіміздің менталитетімізді тек жақсы жағынан көрсетейік!», – деді мұндай ерекше акцияға пікір білдірген мегаполис тұрғындарының бірі.

Қатысты Мақалалар