Владислав Косарев: Қазақстандағы жұмыртқаны сатып алуға коммунистік арым жібермейді

/uploads/thumbnail/20170709203044404_small.jpg

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Владислав Косарев биылғы Жолдауда көрсетілген міндеттерді, әсіресе, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты мақсаттарды қолдайтынын білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат

«Мен үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың жұмысына қайран қаламын деп отырған жоқпын. Себебі шала жасалған жұмыс көп. Жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау барысында соның барлығы түзеледі деген сенім бар. Әрине, осы уақытқа дейін атқарылған шаралар да жоқ емес», - деді Косарев бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Бас коммунистің айтуынша, бүгінде мақта, жүн, тері сияқты шикізатты өз жерімізде өңдеу жұмысын қолға алу қажет. Өйткені шетелге кеткен отандық шикізат көп жағдайда елімізге дайын өнім ретінде сатылып жатады.

«Президент айтты ғой, біз Еуразия құрлығына «нан кәрзеңкесін» ұсынуымыз қажет. Ол үшін алдымен өз xалқымызды арзан әрі сапалы нанмен қамтамасыз етуіміз керек. Әйтпесе, өз астығымыздан дайындалған нанымыз шетелдегі наннан да қымбат. Осыны ескеру керек. Жалпы, азық-түлік өнімдері өзімізге қолжетімді болуы қажет. Ашық айтайын, өйткені менің коммунистік арым жібермейді. Он жұмыртқа үшін 350 теңге - бұл тым қымбат баға! Демек, қала мен ауыл xалқына жететіндей тауықтың санын барынша арттыру қажет», - деп атап көрсетті Косарев.

Қатысты Мақалалар