Қазір Францияда тұрып жатқан кәсіпкер өзін Астанаға шақыртқан тергеуге қатысты жауап берді. Өзінің Фэйсбук парақшасында Мұхтар Әбязов галстуктердің суретін жүктеп, астына: «Достар, 2017 жылы 10 ақпанда қандай галстук киіп барайын?» деп жазып қойған.
2 ақпан күні ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырғанын баспасөз беттерінде жариялаған болатын. Мұхтар Әблязов 2017 жылдың 10 ақпан, сағат 17.00-ге дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына келу керек.