САЯСАТТАНУШЫ САИРОВ РФ ДУМА ДЕПУТАТЫ ШПЕРОВКЕ САНКЦИЯ САЛУДЫ СҰРАЙДЫ

/uploads/thumbnail/20170709203534202_small.jpg

Саясаттанушы Ерлан Саиров қазақ жеріне көз алартқан Ресейдегі кейбір ресми тұлғаларға санкция салу қажет деп бастама көтеріп отыр. Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды.

«ҚР Сыртқы істер министрлігіне!

РФ Мемлекеттік думасының депутаты Шперовке санкция жариялау қажет! Халықаралық тәжірибеде, егер шетел саясаткері дұшпандық актіге жол берсе дереу шара қолданылады.
Отандық банктерде шоттары бар, шаруашылық жұмыстарын жүргізуге Қазақстанға кіруіне тиым салу қажет. Сонымен қатар, РФ МД Леонид Слуцкийге де! Көп адамдар осы «қайраткерлердің» Қазақстан экономикалық мүдделерін бар екенін білмейді.

Аштан қатсын!», - делінген жазбада.

Еске салатын болсақ, 2017 жылдың 26 қаңтарында парламенттің дөңгелек үстел отырысында Ресейдің либералды-демократиялық партиясының депутаты Шперов Павел "Қазақстандағы Ресейге тиесілі байырғы жерлерді қайтару " қажеттігін мәлімдеді .
 

- Біз алпауыт елміз және де бүкіл әлем бойынша өз мүдделерімізді қолдан келгенше жан-жақты қорғай білуіміз қажет. Мысалы, Қазақстандағы отандастарымызды диаспора деп айтуымыз саяси қателік болып табылады, өйткені ол жерлер бізге тиесілі. Шекаралар мәңгілік емес,біз Ресей мемлекетіне тиесілі шекараларымызды қайтарамыз. Және де бұл жақын арада орындалады,- деп айтты Шперов Павел.

Қатысты Мақалалар