ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 26 БАБЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСКЕ ҮЗІЛДІ-КЕСІЛДІ ҚАРСЫ

/uploads/thumbnail/20170709204102894_small.jpg

Қазақстан азаматтары конституцияда болатын кейбір өзгерістерге үзілді-кесілді қарсы болып жатыр деп хабарлайды «Қамшы» тілшісі. Әсіресе әлеуметтік желідегі қолданушылар, танымал тұлғалардан бастап қарапайым азаматтарға дейін аталған баптағы өзгеріске қарсы толқып жатыр.

Түсіндіре кететін болсақ, 25 қаңтарда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы президент Нұрсұлтан Әбішұлының жарлығы шыққан болатын. 2017 жылғы 26 қаңтар - 2017 жылғы 26 ақпан аралығында өткізілетін бүкіл халықтық талқылауға ұсынылған «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасындағы 26 бапқа қатысты өзгерту төмендегідей:

1. 26-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      «1. Әркім заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

      2. Жеке меншік құқығына қол сұғылмайды. Меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.».

Ал, Конституцияда бұл бап:

26-бап

1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.», - деп көрсетілген.

Мәселе мынадан туындап отыр – қазіргі Конституциямызда ҚР азаматы деп көрсетілсе, ал қазіргі өзгертпекші болып отырған бапта «ҚР азаматы» деген сөзді жойып «әркім» жер мен кәсіпорынды сатып алуға рұқсат деп меңзеп тұр. Демек кез келген шетел азаматы жер мен кәсіпорындарды сатып алуға қақысы бар деген сөз.

Осыған байланысты «Қамшы» тілшісі әлеуметтік желідегі бірнеше қарсылық уәждерді тізбелеп көрді.

Айта кетер болсақ, Мемлекет басшысы бүкілхалықтық талқылауға шығарған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасына қатысты ұсыныстар 2017 жылғы 26 қаңтардан 2017 жылғы 26 ақпанға дейін мына мекенжайда қабылданады:
010000, Астана қаласы Есіл ауданы Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімі, электрондық пошта – ap2017@akorda.kz

Қатысты Мақалалар