Шымкентте жолаушылар автобусы ғимаратты соқты

/uploads/thumbnail/20170709204235197_small.jpeg

Шымкентте жолаушылар автобусы Түркістан көшесіндегі ғимаратқа соғысты, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жүргізушінің айтуынша, ғимаратқа соғыспас бұрын автобустағы жылыту жүйесі істен шыққан. Содан ер адам жолаушыларды шығарып, жөндеу-техника базасына бармақшы болған. Бірақ тежегіштің істен шығуына байланысты жүргізуші тоқтауға қауіптеніп, адам жоқ жердегі ғимаратқа барып соғысқан.
 

"Соңғы кездері Шымкенте ең көп талқыланатын тақырыптардың бірі - қоғамдық көліктердегі жүргізушілер мен жөндеуге келмейтін автобустар. Бірақ ол мәселені шешуге болады. Бірақ автобус жүргізушілерінің жол бойындағы шектен шыққан әрекеттерімен қалай күресуге болады?", - деп жазады басылымдағылар.Шымкент қалалық Жергілікті полиция қызметіндегілердің мәліметінше, былтыр такси паркіндегі алты жүргізуші жол ережесін бұзғандықтан, жұмыстан шығарылған. Ал биыл бір адам жүргізуші куәлігінен айырылса, тағы біреуі жұмыстан босатылған.
 

,

Қатысты Мақалалар