Кеше теледидардан Елбасымыздың Талдықорғандағы жұмыс сапары туралы хабар көрдім. Сонда облыстағы бетке ұстар қасқалармен өткізген жиналыста облыс әкімі Мұсаханов орысша баяндама жасады. Таңқалғаным, ол жерден мен орыс көрмедім. Не, қазақша баяндама жасаса, бір жеріне зиян келе ме екен?! Қазақы облыстардың басшылары өктем елдің тілінде баяндама жасаса, солтүстік облыстардың басшыларын қалай сөйлетеміз?! Ұлттық намыс қайда? Жер болдық қой! Қашанғы жер бола береміз? Облыстың басшысы облыс халқымен санаспай тұр ғой! Санасса тым құрмаса, қазақша баяндама жасар еді ғой! Меніңше қазіргі орысшыл билік барса-келмеске кетпей, қазақ тілінің жолы ашылатын түрі жоқ!
Қашан қазақ билігі қазақпен санасады екен? Оған әрине өзімізде кінәліміз! Басымызға отырып қойса да, тырс етпей отыра береміз-ау! Отыра береміз!..
Мүмкін, көтерілу керек шығар! Кенесары бабам айтқандай, қашанғы орысшыл биліктің мазағы мен қорлығына көне береміз!..
Думан Рамазанның әлеуметтік желідегі парақшасынан.