Сирия азаматы Ясер Альезалдин 5 баласымен депортацияланады деп хабарлайды kazinform.kz. Ақпарат порталының жазуынша, Ясер Альезалдин өзінің босқын екенін Қарағанды облыстық сот инстанцияларына дәлелдей алмаған. Ал оның жұбайы Қазақстан азаматшасына депортация үкімі жүрмейді. Сот үкімі бойынша Я. Альезалдин мен 18 жасар ұлы босқын деп есептелмеді.
Қарағанды облыстық соты бірінші сот инстанциясы «Босқындар ісі жайлы» заңнамаға сәйкес Сирия тұрғынының өтінішін қабылдамай отыр.
Ясер Альезальдин 5 баласымен және жұбайы Сандуғаш Раисовамен Қарағандыдағы туыстарымен тұрып жатыр.
1997 жылы қазақстандық азаматша Сандуғаш Раисова сириялық Ясер Альезальдинмен Қазақстанда танысып, отбасын құрған. Кейін екеуі Сирияға көшіп кеткен. 2015 жылы Сириядағы үйлері соғыс әрекеттері барысында бомбаланып, қирап қалған. Қарағандыға туысқанының үйіне қонаққа келген С. Раисова бүгін отбасымен қиын жағдайда екенін жеткізді. Күйеуі мен ұлы кез-келген уақытта депортациялануы мүмкін.