Иракта тағы да теракт

/uploads/thumbnail/20170709211438155_small.jpg

Бағдадпен іргелес елді мекенде мина қойылған көліктің күлі көкке ұшты. Салдарынан 18 адам қаза тауып, 100-ге жуық бейбіт тұрғын жарақат алды, деп хабарлайды 24.kz. Бұдан сәл ғана бұрын дәл осындай лаңкестік әрекет Ирак астанасының оңтүстігіндегі Баяа ауданында да жасалған болатын. Ол кезде жарылыстан 4 адам қаза тауып, 14 тұрғын ауруханаға жеткізілген еді. Әзірге екі жарылысты да ешбір террорлық ұйым мойнына алған жоқ. Негізінен Иракта жасалған терактінің дені ТГИЛ содырларының ісі. Ал, жағдайды толық бақылауда ұстауға үкімет әлі де қауқарсыз. Сондықтан Ирак пен Сирия аумағының басым бөлігі әлі де лаңкестер құзырында қалып отыр.   
 

Қатысты Мақалалар