105 жыл бойы сақталып келген Кенесары туралы қолжазба Мәскеуде кітап болып шықты

/uploads/thumbnail/20170709211646377_small.jpg

Қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлы жайлы жазылған құжаттың түснұсқасы табылды. Бұл туралы "Қазақстан" арнасы хабарлады.

Қолжазбаның авторы өзге емес, Кене ханның өз ұлы - Ахмет Кенесарин. Бұл құжат Мәскеудегі мемлекеттік тарих мұражайының қорында 105 жыл бойы сақталып келгенімен, күні бүгінге дейін ол туралы ешкім білмеген.

Ресейлік түркітанушы Илья Зайцев қолжазбаны 2004 жылы тапқанымен, енді ғана кітап етіп жариялап отыр. Еңбектің таныстырылымы Ресей астанасында өтті.

Қатысты Мақалалар