Қытайда басқа шығыс елдеріндегідей жемқорлық мәселесі ушығып тұр. Алайда аспан асты елінде аталған мәселені шешу жолында қатігез әрекеттерге баратын елдердің бірегейі.

Замануи Қытайдың жемқорлықпен ұсталғандарға қатысты жазалау әдістері шетелдік саясаткерлердің жағасын ұстатады. Қытайлықтардың ойынша алып елдің қарыштап дамуына дәл осы қатаң тәртіптер себеп. Дәрігер, кішіргірім инспекторлар, жергілікті көлік инспекциясы пара алуға қорқады екен.

Ал губернатор, мэр, миниср мен прокурор секілді шенеуніктер пара алу, қаржыны жымқыру секілді қылмыстық істе жиі бой көрсетеді. Бұл лауазымды адамдар кейде миллиардтап ақша ұрлайды. Алайда сол арқылы өздеріне өлімге кесетінін білмейді де.

Қытай өлім жазасына кесу бойынша көш бастап тұр. Тіпті ең жоғары лауазымды шенеуніктің өзі ертенгі күні қылмысы әшкере болып басына оқ атылмасына немесе оған улы сұйықтықты салмасына ешкім кепілдік бере алмайды.

Қытай билігі 2015 жылы ғана 300 мың шенеунікті пара алғаны үшін жауапкершілікке тартқан. Ішкі істер министрі мемлекетке тиесілі 5 миллионды казинода ұтылып қалғаны үшін ату жазасына кесілді.

Жүздеген ашынасы бар жоғары лауазымды шенеунікте, екі миллион доллар пара алған мэр де ұсталып, дүние-мүлкі тәркіленіп, өздері атылып кетті. Ал туыстары оққа кеткен қаржыны мемлекетке қайтарып берді.

Бүкіл әлем Қытайдың қылмыскерлерге қатысты жазалау әдістеріне шошына қараса да, қытайлықтардың өздері одан ешқандай қатыгездік көрмейді. Өлім жазасына кесу бойынша көш ілгері тұрғаны халық санының көптігімен түсіндіреді. Жемқорлықты тек қатал тәртіппен ғана жеңуге болады деп есептейді.
Жергілікті тұрғындар аз уақыт бұрын ғана пара алу заңдастырудың алдында ғана тұрғанын айтады. Ал ежелгі заманда шенеуніктер адамдарды «сыйлықсыз» қабылдамаған. Сондықтан осындай жазалау әдістері болмаса халық әрбір қадамына пара беруші еді дейді қытайлықтар.