Дональд Трамп: БАҚ - Америка халқының жауы

/uploads/thumbnail/20170709212018706_small.jpg

АҚШ Президенті Дональд Трамп бірқатар БАҚ-қа қатысты сын айтты деп хабарлайды bbc.com. Нақтырақ айтсақ, БАҚ өкілдерін - америка халқының жауы деп ашық жазған ол өзінің твиттердегі парақшасында Эн-би-си, Си-би-эс, Си-эн-эн, сонымен бірге New York Times газетін  халық жауы деп атап өтті.

«Осы аптадағы Майкл Флиннің мәселесіне байланысты ақпаратты БАҚ өкілдері шулатып, жалған ақпарат таратып жіберді» деп БАҚ-қа кінә тақты АҚШ Президенті. Оның Ресеймен қарым-қатынасы туралы басылымдардағы жарияланымдар екі ел арасындағы жағдайды жақсартуға кесірін тигізіп жатқан көрінеді.

Қатысты Мақалалар