Украина президенті Петр Порошенко Владимир Путиннің Донбасс аймағында тұратын Украина азаматтарына қатысты келісімін бұзуы халықаралық құқықтың бұзылуымен тең дейді. Бұны tengrinews.kz жаңалықтары хабарлайды.
«Путиннің ісі – Ресей басқыншылығының тағы бір дәлелі. Бұл жағдайдың Мюнхен қауіпсіздік конференциясының уақыты кезінде орын алуы да бассыздық», - деп хабарлады Порошенко Мюнхеннің БАҚ қызметкерлеріне сұхбат беру үстінде.
Украина президенті Путиннің келісімін Ақш-тың вице-министрі Майк Пенске де хабарлағанын айтты.
Путиннің жарлығын Украина сыртқы істер министрлігі де айыпты деп қабылдады.
Ведомствода Ресей шешімі «Донбасқа қатысты заңсыз билік жүргізу» деп қабылданды. Ведомствода «Ресей кезекті рет мемлекеттің егемендігіне және Украинаның аймақтық тұтастығына, өзінің ішкі міндеттемелеріне қатысты келісімді бұзуда. Халықаралық серіктестерімізден Ресейге деген қысымды ұлғайту және халықаралық құқығымызды қайтару жөнінде қолдау сұрймыз» делінген.
Путин Ресейде Донецк және Луганск аймақтарында тұратын Украина азаматтарына берілетін ресейлік құжаттарға байланысты жарлыққа қол қойғанын еске сала кетейік.
Аударған: Гүлім Жақан